«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен кімдер марапатталатыны белгілі болды

Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне мерекелік медаль пайда болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерекелік медаль туралы президент жарлығының жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

«Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары және шетел азаматтары наградталады», – делінген құжатта.

Мерекелік медальді Қазақстан президенті тапсырады. Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.

Медаль салтанатты түрде марапатталатын адамның жеке өзіне тапсырылады.

Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.

 

Back to top button