Башар Асад коронавирус жұқтырды

Башар Асад коронавирус жұқтырды

Башар Асад коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Сирия президенті Башар Асад пен оның жұбайы Асма Асадтан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды РИА Новости. Ақ халаттылардың айтуынша, екеуінде аурудың белгілері байқалғанымен, жағдайлары бірқалыпты. Қазір олар үй карантинінде ем қабылдауда. Болжам бойынша 3 аптаға дейін оқшаулануы мүмкін. Президент пен оның жары қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра бермек. Естеріңізде болса, Асма Асад 2018 жылы ісік ауруына шалдыққан болатын. Кейін денсаулығы жақсара бастаған. Айта кетейік, Сирияда 2020 жылдың қаңтарынан бастап күні бүгінге дейін шамамен 16 мыңға жуық адам коронавирус індетіне шалдықты. Науқастардың 1 мың 63-і осы кеселден көз жұмды.