"Cпутник V" вакцинасын жасаушылар Еуроодақ реттеушісінен кешірім сұрауды талап етті

"Cпутник V" вакцинасын жасаушылар Еуроодақ реттеушісінен кешірім сұрауды талап етті

"Cпутник V" вакцинасын жасаушылар Еуроодақ реттеушісінен кешірім сұрауды талап етті
ашық дереккөзі
Ресейлік "Cпутник V" вакцинасын жасап шығарғандар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (ЕДА) төрайымы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етті. РИА Новостидың хабарлауынша, ЕДА басшысының екпе жайлы мәлімдемесі препаратты жасаушылардың шамына тиген. Криста Виртумер-Хохе "Спунтик V" вакцинасын жедел мақұлдау перспективасын "орыс рулеткасына" теңеген болатын. ЕДА-дағы қызметінен бөлек, Австрияның денсаулық сақтау агенттігінің өкілі болып табылатын Виртумер-Хохе бұған дейін австриялық ORF телеарнасының эфирінде мәлімдеме жасап, вакцина салдырғандар туралы жеткілікті мәліметтердің жоқтығын алға тартқан еді. "Біз "Спутник V" вакцинасын қолдайтын Еуропа одағы мемлекеттері туралы жағымсыз пікір айтқан ЕДА өкілі Криста Виртумер-Хохеден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етеміз. Оның пікір білдіруі бүгінде жүргізіліп жатқан ЕДА сараптамасы үдерісіне саяси араласу болуы мүмкін екендігіне қатысты маңызды сұрақтар туғызады", - делінген ресейлік вакцинаның ресми Twitter парағында. Жазбада еуропалық реттеушінің "басқа вакцина туралы мұндай мәлімдемеге жол бермегені" атап көрсетілген. "Мұндай пікірлер орынсыз және ЕДА-ға және оның тексеру процесіне сенімділікті жояды. Вакциналар мен ЕДА саясаттан тыс болуы керек", - дейді препаратты жасаушылар.