Жаңалықтар

"Бақытты отбасы" бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

"Бақытты отбасы" бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды

Баспана кезегіне тіркелген отбасыларға 2% мөлшерлемесімен несие беретін "Бақытты отбасы" бағдарламасы қай айда басталатыны белгілі болды. Бұл туралы "Отбасы банкі" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария етті. "Достар, көптен күткен "Бақытты отбасы" бағдарламасы сәуір айында басталатыны туралы қуана хабарлаймыз. Бұл бағдарламаға жергілікті әкімдікте келесі санаттар бойынша баспана кезегіне тіркелген отбасылар қатыса алады: көпбалалы отбасы толық емес отбасы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы", - деп жазылған "Отбасы банкінің" желідегі хабарламасында. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша несиенің мөлшерлемесі екі пайызды құрайды. Ал бастапқы жарна - 10%. Айта кетсек, "Бақытты отбасы" бағдарламасы - табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы. Несиені 20 жылға дейін рәсімдеуге болады.