Еліміздің үш өңірінде жол ашылды

Күн жылынып, ауа райының тұрақталуына байланысты бірқатар облыста жол ашылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін таңғы 06:00 кезінде Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымы ашылған. Бұл – Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Сонымен қатар, бүгін таңертең Ақмола облысы шекарасынан Павлодар облысының Шідерті ауылына дейінгі тасжолда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді. Бұл – «Нұр-Сұлтан -Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Семей» автожолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы жанданды. Бұл – Герасимовка ауылынан бастап Семей қаласына дейін апаратын жол.

Бүгін таңғы 08:00 бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлағы» жолының 7-66 шақырымы, атап айтқанда Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық та ашылды.

Back to top button