АҚШ билігі Еуропаның соңғы диктаторын атады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен Беларусь президенті Александр Лукашенконы «Еуропаның соңғы диктаторы» деп атады. Бұл туралы ол 8 наурызда онлайн режимде өткен 15-ші халықаралық «Ержүрек әйелдер» марапаттау рәсімінің ашылуында мәлімдеді, деп жазады korrespondent.net.

«Ержүрек әйел» атағына лайықтылар қатарына ведомство белоруссиялық оппозиция өкілі Мария Колесникованы да қосты. Ол «Беларусьтағы демократиялық қозғалысты қолдағаны үшін» марапатталды.

«2020 жылы Беларусьта өткен президенттік сайлау қарсаңында ол Еуропаның соңғы диктаторы Александр Лукашенконың билігіне наразылық білдіру үшін бүкіл елдегі әйелдерді жұмылдырды», – деп атап өтті Блинкен.

Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы оппозиция өкілінің Белоруссияда қамауда отырғанын еске салып, Минскті Мария Колесникованы және барлық басқа саяси тұтқындарды дереу босатуға шақырды.

Айта кетейік, Колесникова өткен жылдың қыркүйек айынан бері Беларусь астанасындағы №1 тергеу изоляторында қамауда отыр.

Back to top button