Кейбір смартфондарда WhatsApp-тың жұмысы тоқтатылады

WhatsApp мессенджері iOS 9 және одан төмен операциялық жүйесі бар iPhone смартфондарында жұмысын тоқтатады. Бұл туралы WABetaInfo тақырыптық порталына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. 

Сонымен, iOS-қа арналған 2.21.50.11 қосымшасының соңғы бета нұсқасында iOS 9 операциялық жүйесін қолдау жоғалды. Gizchina басылымы түсіндіргендей, iPhone 4 және 4S модельдері 2015 жылы шыққан iOS 9 жүйесінде жұмыс істей алады.

WhatsApp-тың ресми ресурсында бұл ақпарат әлі расталған жоқ. Мессенджер қолдайтын iPhone операциялық жүйелерінің ресми тізімі iOS 9 және одан жаңа нұсқаларды ұсынады.

WhatsApp мобильді құрылғыларды қолдауды соңғы рет 2020 жылдың ақпан айында қысқартты. Содан бері WhatsApp тек 4.0.3 және одан жоғары Android операциялық жүйесі бар немесе iOS 9, KaiOS 2.5.1 және одан жаңа смартфондарда жұмыс істеді. Ескі операциялық жүйелерді пайдаланушылар мессенджерде тіркеле алмайды.

Back to top button