Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша
ашық дереккөзі
Қазіргі уақытта еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 88409 адамды құраса, оның 49 031-ы, яғни 55,5%-ы әйел адамдар, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдердің саны 39,8% құрайды (9531 адам). Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі жалпы басқарушы лауазымды атқаратындардың жалпы саны - 23961 адамды құрайды. Ал, жергілікті мемлекеттік органдардағы әйелдердің үлесі 51, 9% (21744 адам). Үздік үштікте – Ақмола (63,3%), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Шығыс Қазақстан (61,4%) тұр.