Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді
ашық дереккөзі
Қостанайда 8-наурызда таңғы 3-те екі сыныптастың арасында шыққан жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аталмыш қылмыс туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

«Бүгін Қостанайда қатардағы бағдарламашы-полицейдің қатысуымен ауыр қылмыс жасалды. Әлеуметтік желідегі 10-нан астам адам тіркелген чатта екі сыныптастың арасында туындаған жанжалдың соңы адам өліміне әкеп соқты. Сыныптасы бағдарламашыға:

«Сені бауыздауға бара жатырмыз, шоқпарымыз, тапаншамыз бар.

Дайын бол, 30 адам жинасаң да, аз болады».

«Бауырым, сен осы топтың көзінше арыз жазбаймын деп уәде бер.

Жекпе-жекте мен сені өлтіремін».

«Бәрін жігітше, ешкімге айтпай істе», «мен сені өлтіремін» - деген

жазбаларды жіберу арқылы қоқан-лоқы көрсеткен.

Жанжалдың шығу себебін тергеу анықтап жатыр.

Бұрын сотталған сыныптасы 8 наурыз күні түнгі сағат 3-те мас күйінде көлікке мініп таныстарымен бірге полиция қызметкері тұратынмекенжайға келеді. Үйінен өз атына тіркелген қызметтік қаруын бірге ала шыққан полицей өзіне қарай ұмтылған сыныптасын көреді. Жағдайды дұрыс бағалай алмаған қызметкер өз атына айтылған қоқан-лоқыны естіп, тапанша шүріппесін басып қалған. Жәбірленуші сол жерде жан тапсырды.

Қазір полиция қызметкері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 99-бабында көзделген кісі өлтіру қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ қызметтік тергеу басталды. Тергеу шараларын жеке бақылауыма алдым» - деп жазды ПД бастығы.