Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді

Атырау облысында базарлар мен сауда үйлерінің күн сайын жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін, қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуын объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес, ашық және жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың  штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етілсін» делінген қаулыда.

Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, дәл осындай талаппен сауда үйлері мен орталықтарының (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр.

Қаулы 9 наурызда сағат 00:00-де заңды күшіне енеді.

 

Back to top button