Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді

Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді

Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді
ашық дереккөзі
Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау сөзінде мәлімдеді. «Құрметті ханымдар! Сіздерді көктем мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде әйелдер барлық салада жемісті қызмет атқаруда. Соның ішінде, полиция қатарында да қыз-келіншектер көп. Ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Олардың 580-і басшы құрам. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, психологтар, учаскелік, миграциялық, патрульдік және әкімшілік полиция инспекторлары бар. Уақытқа қарамастан, өз жұмысына беріліп, елінің қорғаны болып жүрген қыз-келіншектер - батырлық пен ерліктің символы! Сондықтан, осындай әріптестерімізді құрметтеу – біздің парызымыз!», деді Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, әйелдер қауымының үнемі күліп, ер-азаматтар айналасында жүруі үшін ерекше рух береді. «Езулеріңізден күлкі кетпесін! Сіздер бақытты болуға лайық жансыздар! Балаларыңыздың болашағы жарқын болып, жан-жақтарыңыз аман болсын. Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық және қажымас қайрат тілеймін!», - деді министр.