Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды.

Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Тамаша күн. Таңғы серуен. Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады», – деп жазды Уәли.

7af85ccd69e54b0169f8d240237e6b6c

f6efc2485a23c026d248169f8cb75b4d

«Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – деп жазылған Президент құттықтауныда.

Back to top button