Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады
ашық дереккөзі

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды.

- Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны сенімді түрде айта аламын. Оның жылдам ойыны көп нәрсені дәлелдейді. Ол тез ойлайтын және лезде шешім шығаратын шабуылшы. Доп өзіне келгенде не істеу керектігін, қалай ойнауды біледі. Бұл футболда маңызды», - дейді Пеле «Marca » басылымында. Мбаппе ПСЖ-да 2017 жылдан бері ойнап келеді. 22 жастағы шабуылшы осы маусымда ел чемпионатында 23 кездесуде 18 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Еуропа Чемпиондар лигасында ол алты ойында 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.