Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады
Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады
Жандолла Мандатұлы – Баян-Өлгий аймағында туған. Авиация инженері мамандығы бойынша Оңтүстік Корея елінің Пусан Ұлттық университетінің студенті. Ол Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға және қалай ең таңдаулы оқу орнының студенті атануға болатыны туралы айтып берді.
Мамандық таңдау жайында
Болашақ студенттер мамандық таңдау жұмысына өте мән берген дұрыс деп ойлаймын. Өзіңіздің не қалап тұрғаныңызды, және қайда, қандай университетте оқуға болатынын ертерек зерттеу қажет. Сондай-ақ арманыңыздағы университеттердің қоятын талаптарына бүгіннен бастап дайындалу маңызды болмақ.Бала күнгі арманы
Мен бала кезімде ұшаққа отыруға әуес болдым. Үлкейгенде ұшқыш боламын деп армандайтынмын. Сол армандарымды орындау үшін оқушы кезімнен бастап ұшқыштар мектебіне қалай қабылдануға болатынын ұстаздардан сұрап, интернеттен көптеген ақпараттар қарайтынмын. Болашақ студенттерге өз күштеріңізді сынап, 2021 жылғы Пусан Ұлттық университетіне құжат тапсыруларыңызға кеңес беремін.Кореядағы студенттердің өмірі туралы
Біздің мектептің үлкен кампусы бар. Студенттерге қажетті нәрселерді дайындап береді. Университет ғимараты мен жатақханасы да заманауи талаптарға сай, соңғы үлгідегі қолайлы технологиялармен жабдықталған. Бұл студенттерге білім алу үшін үлкен шабыт сыйлайды.Пусан қаласы Корея Республикасының екінші мегаполисі. «Корея Республикасының теңізді елордасы» деп те атайды. Егер Пусан қаласына жолыңыз түскен жағдайда Хэундэ аралына, Камчон мәдени аймағы мен Тхэджондэ саябағына, Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы мен Сондо жағалауына міндетті түрде барып қайтуыңыз керек.
Дереккөзі: KAZNEWS