Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады

Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады

Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады
ашық дереккөзі
Жандолла Мандатұлы – Баян-Өлгий аймағында туған. Авиация инженері мамандығы бойынша Оңтүстік Корея елінің Пусан Ұлттық университетінің студенті. Ол Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға және қалай ең таңдаулы оқу орнының студенті атануға болатыны туралы айтып берді. 

Мамандық таңдау жайында


Болашақ студенттер мамандық таңдау жұмысына өте мән берген дұрыс деп ойлаймын. Өзіңіздің не қалап тұрғаныңызды, және қайда, қандай университетте оқуға болатынын ертерек зерттеу қажет. Сондай-ақ арманыңыздағы университеттердің қоятын талаптарына бүгіннен бастап дайындалу маңызды болмақ.

Бала күнгі арманы

Мен бала кезімде ұшаққа отыруға әуес болдым. Үлкейгенде ұшқыш боламын деп армандайтынмын. Сол армандарымды орындау үшін оқушы кезімнен бастап ұшқыштар мектебіне қалай қабылдануға болатынын ұстаздардан сұрап, интернеттен көптеген ақпараттар қарайтынмын.  width=

“Менің жолым болды”

Бала күнгі арманыма қол жеткізу мүмкіндігі орта мектепті тәмамдаған жылдары бұйырды. Кореяның Пусан Ұлттық университетінен арнайы ұстаздар Улаанбаатар қаласына келіп университетке қабылдау сынағын ұйымдастыратынын естіп қатты қуандым. Өзіме мақсат қойып аталмыш университеттің сынына дайындалдым.

Университетке түсу жайлы


Пусан Ұлттық университетіне түсудің әртүрлі шарттары бар. Математика, физика және ағылшын тілі пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуден 680-ден жоғары ұпай жинау керек. Халықаралық студенттерге IELTS керек. Мұнда 6 балл болуы шарт. Университетке математикадан сынақ тапсыру, ағылшын тілінде эссе жазу міндеттеледі. Сондай-ақ университеттің сұхбаттасуы тағы бар. Кореядан келген ұстаздар ағылшын тілінде сұрақтар қойған. Ұлттық бірыңғай тестілеу ұпайымен IELTS ұпайларын салыстыра отырып стипендиямен оқу немесе ақылы оқу туралы шешім қабылдайды. Мен бұл сынақтардың барлығын сәтті тапсырдым. Және арманымдағы мамандығым бойынша екінші жылда стипендиямен оқудамын.  width= Болашақ студенттерге өз күштеріңізді сынап, 2021 жылғы Пусан Ұлттық университетіне құжат тапсыруларыңызға кеңес беремін.

Кореядағы студенттердің өмірі туралы

Біздің мектептің үлкен кампусы бар. Студенттерге қажетті нәрселерді дайындап береді. Университет ғимараты мен жатақханасы да заманауи талаптарға сай, соңғы үлгідегі қолайлы технологиялармен жабдықталған. Бұл студенттерге білім алу үшін үлкен шабыт сыйлайды.

Пусан қаласы Корея Республикасының екінші мегаполисі. «Корея Республикасының теңізді елордасы» деп те атайды. Егер Пусан қаласына жолыңыз түскен жағдайда Хэундэ аралына, Камчон мәдени аймағы мен Тхэджондэ саябағына, Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы мен Сондо жағалауына міндетті түрде барып қайтуыңыз керек.

Дереккөзі: KAZNEWS