Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, – деп хабарлайды «Ақ Жайық» порталы. 

Портал мәліметінше, қылмыстық топ басшысы – Қытай азаматы, 38 жаста. Этникалық қазақ Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Құлжа ауылында дүниеге келген. Бала кезден Қытайда түрлі кәсіппен айналысып, кейін Қырғызстанда көкініс, киім-кешек, мата, ыдыс-аяқ сатқан. 2016 жылы алғаш рет Қазақстанға келіп, алдымен Таразда болып, кейін Алматыда бизнес ашқысы келген, бірақ жолы болмады. Бір жылдан кейін Қытайға қайта оралды. Онда сол кезде ислам дінін берік ұстанған адамдар қудаланып, солармен бірге оның үш ағасы Синцзяньдағы арнайы түзеу лагеріне қамалды. Болмысы қазақ қытайлық азамат таңдау жасап, 2018 жылы ҚР азаматтығын алады.

Осы жерде кәсіппен айналыспақ болған, бірақ оның көңілі бұрыннан басқада болған. Сол 2018 жылы ол қылмыстық жолмен кәсіп бастап, өзінің бұрынғы туған жеріне киіктің мүйізін сатты.

b84425f61136b32b3fe7cacb3c6a72bfСурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сот талқылауында 2018 жылдың жаз айынан бастап 38 жастағы ер адам киік мүйіздерін шығыс медицинасымен айналысатындарға сату мақсатында Қазақстанда қылмыстық топ құрағаны анықталған.

Алдымен топқа Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары қосылып, кейін қылмыстық топтың құрамы Орал, Атырау, Алматы, Қызылорда, Шымент, Қарағанды, Жезқазған тұрғындарымен толықты.

Шымкент қаласының тұрғыны бұрындары киік мүйізін сатумен айнылысып жүрген адамдармен байланысты.

Жұмыс барысы мынадай: олар киіктің мүйізін айтылған өңірлерден сатып алып, пойызбен Алматыға жолсеріктер арқылы жіберіп отырған (олар қаптамада не бар екенін білмейді). Ол жерден бағалы жүк Қытайға өткізіледі.

«Біздің өңірді айтар болсақ: Атырауда бұрынғы Қытай азаматына киіктің мүйізін Қызылқоға ауданының үш тұрғыны, 36-жастағы Махамбет ауданының тұрғыны және Индер ауданының 46-жастағы тұрғыны сатқан», – делінген материалда.

bd0c789f01bb61bd15fdb5dfeb9c2465

2019 жылдың қазанында қылмыстық топты Алматы, Ақтөбе және Атыраудағы Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері құрықтады. Жедел тергеу тобы тінту жүргізген кезде 1 тонна 118 келі киіктің мүйізін тәркіледі. Қылмыскерлер жануарды өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал етін далаға тастаған.

Мамандар есебі бойынша, қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке 5 миллиард 665 миллион теңге мөлшерінде зиян келген. Тіпті қылмыстық топтың мүшелері ұсталған кезде топ басшысы пара беріп, тоқтатқысы келген екен. Алайда ол жоспары іске аспаған.

Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, сот 12 адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 262 және 339-бабымен кәнілі деп танылды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Екі адамға одан аз берілді. Сотталушының барлығы да қылмысын мойындамай, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалды

Back to top button