Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді
ашық дереккөзі
Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен Смағұлов финалда моңғолиялық Цогбатаар Ценд Очирмен кездескен болатын. Жекпе-жектің негізгі уақытында қарсыластар бір-біріне ұпай берген жоқ. Ал қосымша уақытта Жансай Смағұлов ескерту санының көптігінен жеңілді.  Төрешілер екі ескертуден соң ереже бұзғаны үшін қазақстандық дзюдошыға жеңіліс жазды. Ал қарсыласы "ваззари" ұпайын еншіледі. Осылайша, Смағұлов Қазақстан қоржынына кезекті күмісті салды. Кеше 60 келіде белдескен Елдос Сметов те ақтық сында сүрінген болатын.  Еске сала кетейік, Ташкент төрінде Жансай Смағұлов жарысты екінші айналымнан бастады. Ол турнир барысында Ұлыбритания, Швейцария, Армения спортшыларын ұтты.