Жаңалықтар

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

ашық дереккөзі

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының турнирді қабылдаудан бас тартуы жарыс орнын өзгертуге себеп болған. Қазандағы турнир Токио Олимпиадасына рейтингілік ұпай беретінін айта кеткен жөн. Бұл күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық Елдос Сметов күміс медаль иеленсе, Ерлан Серікжанов үздік бестікке енді.