Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар бағынікі екенін мәлімдеді.

«Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады. Арыстан жергілікті хайуанаттар бағынікі екені белгілі болды, бірақ оны көліктің артқы орындығында тасымалдауға рұқсат жоқ. Аталған факті бойынша инспекторлар тиісті тексеру жүргізу үшін ІІД-ге арыз жазды», – деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Back to top button