Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді.

Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге жуық режиссер, құқық қорғаушылар мен саясаткерлер келетін.

Бірақ пандемияға байланысты фестиваль өзінің форматын өзгертуге мәжбүр болды.

Фестиваль бағдарламасында барлығы 31 картина бар. Қазылар алқасының төрағасы –  украиналық режиссер Олег Сенцов. Женевадағы Халықаралық кинофестиваль және адам құқықтары жөніндегі форум 14 наурызға дейін жалғасады.

Back to top button