Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті
Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті
Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz
Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болды. «Бүгін «ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды», - деп хабарлады «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев. Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.