Жаңалықтар

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

ашық дереккөзі

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28 адам пара алғаны, 50 адам пара бергені, 20 адам алаяқтық, 11 адам ұрлық жасағаны, 7 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін және т. б. сотталды. Бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды. 144 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін): 115 адам - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 27 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 2 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.