Жаңалықтар

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

ашық дереккөзі

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе су деңгейі көтеріліп осы ауылдарға кіруі ықтимал. Қазір аймақтағы ірі су қоймалары күнделікті бақылауға алынған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпарға сәйкес, Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ, Ынталы және Киров сияқты ірі су қоймаларындағы судың мөлшері 22-55 проценттен аспайды. Талдау жұмыстары биыл тілсіз жаудан төніп тұрған қауіп жоқ екендігін көрсеткен. Дегенмен, Талас өзенін бойлай орналасқан Тараз қаласы және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы бірнеше елді мекенді су басу қаупі бар. Былтыр республикалық бюджеттен қаржы бөлінбей өзен жағалауының 25 шақырымдай  бөлігінде нығайту жұмыстары жүргізілмей қалған. "Су тасқыны болған жағдайда жеке құрамымыз бен жанар-жағармайымыз толық қамтылған. Және ондай жағдайға толық дайынбыз. Қауіп төнетін су басу аймақтарын қарау шеңберінде жұмыстар жүргізілді ұшақпен. Қазіргі таңда ауылдық жергілікті мекендерге ешқандай қауіп жоқ", - дейді облыстық ТЖД бастығы Ермек Момбаев.