Жаңалықтар

"Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін": Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

ашық дереккөзі

"Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін": Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан құпия сөздер туралы ақпаратты, жеке деректерді, сондай-ақ адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру керек. Қызмет көрсету хабарламаларын, авторизация кодтарын және уақытша парольдерді де жойған дұрыс. Сондай-ақ, Арсений Щельциннің сөзінше, қосымшалар жұмыс істеу үшін көбіне байланыс тізіміне және SMS-хабарламаларға кіруге рұқсат беруді талап етеді. "Алайда вирустар арқылы SMS-ке жылдам қол жеткізу немесе телефонның резервтік көшірмесін қашықтан қалпына келтіру сияқты осы және басқа жағдайлар SMS қоржынын ең осал кеңістікке айналдырады", - деп ескертті сарапшы. Банктер мен интернет-сайттар ұсынатын құпия сөздер әдетте әрі кеткенде бір минут жұмыс істейді. Алайда алаяқтар оларға қол жеткізіп, сіздің аккаунтыңызға кіруі мүмкін. Щельцин осы тәуекелдерді барынша төмендету үшін қосалқы көшірмелер жасауға, телефонды жоғалтпауға және SMS хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.