Мәжіліс депутаттары Ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыруды қолдады

Мәжіліс депутаттары Ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыруды қолдады

Мәжіліс депутаттары Ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыруды қолдады
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжiлiсінiң депутаттары «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық – үкiметаралық ұйым. Орталық ядролық қаруды таратпау мақсатында Еуропалық одақ, Ресей, АҚШ және Жапония арасындағы келiсiм негiзiнде 1992 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы орталыққа 1995 жылы қосылған. Оның қызметiн жалғастыру туралы келiсiмге 2015 жылы Астана қаласында қол қойылды. Келiсiмде орталықтың штаб-пәтерiн Ресейден Қазақстанға көшiру қарастырылған. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен және «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірге орталықтың штаб-пәтерін ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін оның ғимараттарының біріне орналастыру мәселесін  пысықтауда. «Орталық қызметiн жалғастыру туралы келiсiм әлi күнге дейiн ратификацияланбағандықтан, бұл орталық қазiргi уақытта университет ғимаратында тегiн орналасқан. Шығындарды Назарбаев Университетi төлеп отыр. Жылына 18 млн теңге жұмсалады», - деді Е. Сағадиев. Министрдің айтуынша, орталық қызметiн екi бағыт бойынша iске асырады: ғылыми-техникалық жобаларға грант бөлу және конференция, семинар өткiзу. Әр жоба бойынша орталық бөлетiн грант ғылыми ұйымның сұраған сомасына байланысты. «Әр жоба бойынша орташа сома – 100 мыңнан 600 мың долларға дейiн болады. Жобалардың жалпы ұзақтығы 2-3 жыл. Өткен 20 жылдың iшiнде Қазақстанның ғалымдарына орталық бөлген гранттар көлемi - 75 млн долларды немесе гранттардың жалпы сомасының 13 %-ын құрады. Осы кезеңде 206 грант 5 мыңдай қазақстандық ғалымға бөлiнген. Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан ғалымдарына ең көп грант - 1,5 млн доллар бөліндi. Бұл жалпы қаржыландыру көлемiнің 45 %. 2015 жылы Қазақстанға қаржы бөлiнген жоқ, сол себепті ратификациялау қажет», - деп баса айтты ҚР БҒМ басшысы. Жобалар ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесте қаралады. Аталған кеңестiң құрамына қазақстандық мемлекеттiк және тиiстi органдардың 11 өкiлi кiредi. Кеңестi министрлiк басқарады. Екiншi кезеңде таңдалған жобалар орталықтың ғылыми-техникалық комитетiне ұсынылады. Онда дауыс беретiн қазақстандық бiр ғалым болады. Екiншi кезеңнен өткен жобалар орталықтың басқарушылық кеңесiне қарауға түседi. «Келiсiм ратификациядан өткеннен кейін Қазақстанның екiншi және үшiншi кезеңде дауыс беру құқығы болады. Орталықпен ынтымақтастық Қазақстан ғылымын қаржыландырудың маңызды құраушысы деп есептейміз», - деп түйіндедi Е. Сағадиев.