Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр
ашық дереккөзі
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия өндірісін жеделдету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау міндетін қойды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл мәселені шешу үшін биыл Мұнай және газ-химияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жобаны әзірлеу жоспарлануда, ол мәселелерді шешуге баса назар аудара отырып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда: мұнайгаз-химия жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнайгаз-химия кластерін құру; одан әрі қайта бөлуді дамыту. «Сонымен қатар, Шетелдік инвесторлар кеңесінің тапсырмасы аясында МГХ жобасын іске асыру кезінде оның қажеттіліктерін ескере отырып, Үкімет пен инвестор арасында жеке келісім әзірлеу пысықталуда. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 5 зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді», – деді Н. Ноғаев. Күтілетін нәтиже:
  • өндіріс көлемі 9 есеге артып, 2 млн тонна мұнайгаз-химия өнімін құрайды;
  • ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды.
«Осылайша, базалық мұнайгаз-химия өнімдерін өндіру мұнай және газ саласында терең өңдеуді дамыту үшін берік негіз болады, бұл біздің шикізат экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді», – деді министр.