Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың арасында 4 506 пациент стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқаны айтылған.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 226 адамның жағдайы ауыр;
  • 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button