Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді
ашық дереккөзі
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай облысының шекарасы мен Бұзылық ауылының аралығындағы учаске. 2. 04.03.2021 ж. сағат 11.00 «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан- қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске. 3. 04.03.2021 ж. сағат 11.00 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1247 шақырымында, атап айтқанда, Атбасар мен Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаске. 4. 04.03.2021 ж. сағат 12.00 «Щучинск-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымында, атап айтқанда, Щучинск қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаске. 5.«Нұр-Сұлтан-Қоргалжын» автожолының 19-180 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қорғалжын қорығының аралығындағы учаске. Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін: 1. «Самара-Шымкент» автожолының 776-836 шақырымында, атап айтқанда, Белогорка ауылы мен Хромтау қаласының аралығындағы учаске. 2.«Самара-Шымкент» автожолының 836-965 шақырымында, атап айтқанда, Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді. 3.«Самара-Шымкент» автожолының 526-615 шақырымында, атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске. 4. «Ақтөбе-Мартық-РФ шекарасы» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске. 5. «Ақтөбе-РФ (Орск)» автожолының 39-136 шақырымында, атап айтқанда, Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске. Алматы облысында: 1.«Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланыпжатыр,р АБК «Автодор НС»). Шығыс Қазақстан облысында: 1.«Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолының 105-123 шақырымында, атап айтқанда, Шемонайха қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 2.«Алматы-Өскемен» автожолының 778-967 шақырымында, атап айтқанда, Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді. 3.«Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымында, атап айтқанда, Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы учаске. Батыс Қазақстан облысында автокөліктің барлық түрлері үшін: 1.«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 31-104 шақырымында, атап айтқанда, Переметноет ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске. 2.«Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында, атап айтқанда, РФ шекарасы мен Орал қаласының аралығындағы учаске. 3. «Самара-Шымкент» автожолының 266-392 шақырымында, атап айтқанда, Подстепное мен Жымпиты ауылдарының аралығындағы учаскеде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 4.«Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске. Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері үшін: 1. «Жезқазған-Петропав» автожолының 142-252 шақырымында, атап айтқанда, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске. 2.«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымында, атап айтқанда, Ақмола облысының шекарасы мен Теміртау қаласының аралығындағы учаске («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясына тиесілі учаске) 3. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1426-1446 шақырымында, атап айтқанда, Теміртау қаласы — (Қарағанды қаласына барар ақылы учаске терминалы) («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясына тиесілі учаске) 4.«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1446-1457 шақырымында (Теміртау қаласына барар ақылы терминал учаскесі) – Қарағанды қаласы. 5.«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1492-1854 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Балқаш қалаларының аралығындағы учаске. Қостанай облысында автокөліктің барлық түрлері үшін: 1.«Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Ақмола облыстарының аралығындағы учаске. 2.«Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 231-503 шақырымында, атап айтқанда, Рудный қаласы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске. 3.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығындағы учаске. 4.«Денисовка-Жетіқара-РФ шекарасы» автожолының 0-161 шақырымында, атап айтқанда, Денисовка ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске. Павлодар облысында автокөліктің барлық түрлері үшін: 1.«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырымында, атап айтқанда, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті ауылының аралығындағы учаске.