Қазақстан украиналық АЭС-ке отын өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстан украиналық АЭС-ке отын өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстан украиналық АЭС-ке отын өндіруді жоспарлап отыр
ашық дереккөзі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен украиналық реактлорларға арнап ядролық отын өндіру мәселелерін талқылады. Бұл тараптардың екінші кездесуі. Қазақстан жағы украиналық әріптестеріне уран өндіру және оны өңдеуге арнап отандық Жоғары технологиялар институты әзірлеген мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды. Ықшам және күрделі құрылыс салуды қажет етпейтін бұл кешендердің артықшылығы әсіресе, уран қоры шағын учаскелердегі жұмыстар үшін аса маңызды. Асқар Жұмағалиев айтып өткендей, «біз инжинирингті жеткізуден бастап толық аяқталған мобильді кешендерді табыстауға дейінгі кез келген қызмет түрін көрсетуге дайынбыз». Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанға ион алмастырушы шайырлар жеткізу, украиналық АЭС-ларының қажетін қанағаттандыру үшін жылу бөлгіш құрамалар шығару және т.б. мәселелер көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылған мәселелердің барлығын бірлескен жұмыс тобы аясында егжей-тегжейлі қарап шығуға келісті.