Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 05.03.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», – делінген хабарламада.

Back to top button