ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1 фактісін анықтады. Мәселен, «Аракс» дүкеніне маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды. «Өскеменде де күн сайын рейдтер жүргізілуде. Кеше 266 нысан қамтылып, шектеу шараларын бұзудың 10 фактісі тіркелді. Сонымен қатар бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды. Мәселен, дүкендердің біріндегі сатушылар маска тақпаған. Айыппұлдың жалпы мөлшері 218 775 теңгені құрады», – делінген хабарламада. Глубокое ауданында мониторингілік топтар 135 объектіге 18 рейд жүргізді. Нәтижесінде, ереже бұзудың 4 жағдайы анықталып, жалпы сомасы 175 020 теңге айыппұл салынды. Курчатов қаласында 26 мекемеге тексеру жүргізіліп, 2 бұзушылық тіркелген. Алтай ауданында тексерілген 139 нысанда талапқа бағынбаған 1 адам болды.