Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күші 23-28 м/с артуы мүмкін.

Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-25 м/с артады.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с артатыны күтіледі.

Back to top button