Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.    

Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген ынта мен бизнесплан болса жеткелікті. Бұл туралы елордада өткен  «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше биыл өңірлердегі 16 бизнесвуменге 27 миллион теңгеге жуық грант беру көзделген. Соның бірінші жеңімпазы бүгін марапатталды.

Back to top button