Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр
ашық дереккөзі
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен барынша басқаруға уәде берді. «Қазір күн сайын науқастану жағдайларының көбеюін көріп отырмыз, өкінішке қарай, Украинада індеттің үшінші толқыны басталғанын айту керек. Бұл статистиканы жасыру немесе басқаша түсіндіру мүмкін емес. Саналы болу керек, Украинада коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталды», – деді Шмыгаль.