Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті
ашық дереккөзі

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады.

«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен құттықтауды адам өмірі бастау алатын перзентханадан бастауды жөн көрдік. Алдымен Аналарымызды, содан соң акушер, дәрігер, педиатрларды құттықтап, оларға жақсы көңіл-күй сыйладық. Мен сіздерге және жақындарыңызға амандық, ең бастысы денсаулық тілегім келеді», – деді.

 width=

Әр ана белсенділердің қолынан мерекелік шоқ гүлдер, дәрумен мен пайдалы заттарға толы себеттер алды.

Жасотандықтар аналардан бөлек перинаталды орталықтың қызметкерлерін де құттықтады. Коронавирус пандемиясы медицина мен дәрігерлердің ерекше орны мен олардың жанқиярлық еңбегін, жұмысына деген адалдығын көрсетті.

«Кез келген әйел заты үшін ең басты бақыт ол – сәбиінің дүниеге келуі және олар осындай бақытқа елордалық перзентханада куә болады. Осындай қуанышқа сіздердің қосқан үлестеріңіз зор! Сондықтан, сіздердің  қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!», – деп  толықтырды Нұржан Арғынұлы.

Жасотандықтардың құттықтауы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы бірнеше күнде белсенділер қаламыздың басты көшелерінде тұрғындар мен қаламыздың қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Айта кетейік,  еліміздегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты акцияға қатысушылар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтады.