Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар
ашық дереккөзі
2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28 қаң­тарда Премьер-Ми­нистр Асқар Мамин қазақ әліп­биін латын графи­ка­сына көшіру жөніндегі Ұлт­тық комиссия отырысында же­тілдірілген жаңа қа­зақ ұлттық латынграфикалы әліп­биін таныс­тыру рәсімін өткізді. Осылайша, Қа­зақстан жұрт­шылығы жаңа әліпбиді талқылауға жап­пай ден қой­ды. Өзге елдер тәжірибесіндегі тә­різ­ді жетілдірілген әліпби де сөз­жа­сам­дағы барлық прин­цип­терге (фо­нетикалық, фонема­ти­ка­лық, мор­фологиялық, түпнұсқа, дәс­­түр­лі, «бір дыбыс – бір әріп прин­ципі», ци­таталық принцип, т.б.), тіл­дік бірліктерді үнемдеу мен үн­дестік заңына, дыбыстардың тір­ке­сімділігі мен жүйесіне сүйеніп, не­гіз­деліп жасалынды.
  1. Фонетикалық принцип. Мұн­да сөздер қалай дыбысталса, солай жа­зылады, яғни айтылуы бойынша нор­ма деп ұсынылғандар фоне­ти­ка­лық принципке негізделеді (paról, zarád, púlt, avenü, revü, paraşüt, brusellöz, aktör, amöba, аloі, kanoі, dіploі). Бұл – сөздерді қазақ ті­лінің фономорфологиялық ерек­шелігіне икемдеп, яғни қазақ тілі­нің үндесім заңына сәйкестендіріп, сын­дырып жазудың нағыз үлгісі. Атал­ған принцип жалпы термин­жа­­­самдағы «тілдің ішкі мүмкіндігін сар­қа пайдалану» принципінің бір тар­мағы болып саналады.
  2. Жаңа емле ережесі көбіне фо­не­матикалық принципке сүйенеді. Яғни, бұл ұстаным бойынша ды­быс­­тардың сөз ішіндегі немесе сөз тір­кесіміндегі өзара әсері ескеріл­мей, негізгі фонемалық түрі, фоне­ма­­ның негізгі реңкі сақталып жа­зы­ла­ды. Бұл принцип бойынша сөздер бас­қаша айтылады, өзгеше жазы­ла­ды (pedagog, sіkl, hirurg, oşerk, polk), яғни көп дыбысты аз әріппен көр­сету жүзеге асады.
  3. Морфологиялық принцип – же­ке сөздің және күрделі сөз сыңар­ларының түбір тұлғасы сақ­та­лып жазылатын емле ұстанымы. Кейбір сөздердің түбірі сақталып (matematika, pedagogika, statistika, mehanika, gramatika, baza, faza, norma) жазылады. Әдетте төл сөз­дер­де қатаң п (р) әрпіне аяқталған тү­бірге жалғау жалғанғанда п б-ға ауы­сатыны (доп-добы, кеп-кебу, теп-тебу) белгілі. Ал кірме термин­дер­ді таңбалауда қатаң п (р)-ға аяқ­талған сөздерге қосымша жал­ған­ғанда п (р) әрпі өзгеріссіз сақта­лады (arhetip (-tıŋ, -ı, -ke, -ter), stereotip (-tıŋ, -ı, -ke, -ter).
Жалпы, қазақ жазу жүйесінде фо­нематикалық және мор­фологиялық принциптердің бірі­ге­тін, тоғысатын, ұқсас тұстары да бар. Кейде екеуін бір принцип деп қа­­­растыру кездеседі. Заманауи тіл­дің жазу жүйесінде қазақ тілінің заң­дылықтарына сай фонема­ти­ка­лық принциптің басшылыққа алынуы заңды. Кез келген елдің жа­зуын­да бір принцип басымдық танытып, үстемдік құратыны, қал­ған­дары қосымша қызмет ат­қара­тыны айқын. Фонематикалық прин­цип жазуда қалыптасқан дәс­түрге сүйеніп, дыбыстардың өза­ра әсерін ескермей, фонемалық мә­нін сақтауға негізделеді. Егер мор­фологиялық принцип сөздің тү­бір тұлғаларын сақтап жазуға ғана негізделсе, фонематикалық прин­цип фонеманың сөз ішіндегі де, морфемалар жігіндегі де, сөз ара­лығындағы да мәнін сақтап жазуға сүйе­неді. Яғни, морфологиялық прин­ципке қарағанда фоне­ма­ти­калық принциптің қызметі әлде­қайда ауқымды.
  1. Дәстүрлі принцип – кірме сөз­дерді қазақтың байырғы сөздері бұ­рын қалай қалыптасса, сол үлгі бойын­­ша бұзбай жазу. Мысалы, ем­ле­­дегі tauar, nömır, stansy, kepkı, siez (тауар, нөмір, стансы, кепкі, сиез) осы ұстанымға негізделген.
  2. Түпнұсқа принципі бойынша жа­­зылуы мен айтылуы қазақ тілінің та­биғи заңдылықтарына сәйкес ке­­летін терминдер топтасты­ры­ла­ды (planşеt, senat, раrlamетt, рre­zidеnt, dеputat). Мұнда кірме сөз­дерді өзгертіп жазудың қажет­ті­лігі тумайды, ал оларды болашақта ау­дарып беру басқа проблема бол­мақ.
Сөз басындағы оомицет (omiset), ооцит (osit), ооцис (оsis), ор­­­тасындағы (patison, komisar, simetria, amiak), соңындағы (klas, hol, bal) қайталама дыбыстарды таң­­ба­лай­тын әріптердің бірі түсі­рі­ліп жа­зылуы, қосарлы әріптердің (ий, ст, сть, зд, вт, дж, фт, нд, пт әріп тір­кес­тері) бірінің түсіріліп жа­зылуы да (alümini, kafeteri, reali, kolej, kotej, astronav, siez) жоғарыда көрсетілген ұста­нымдарға негіз­дел­ген және тіл­дегі үнемдеу заңына сәй­кес келеді. Сөз мағынасына әсер ететін жағ­дайда, сондай-ақ өлшем бір­лік атауларында қайталама ды­быстар сақталып жазылады: massa, tonna, kassa және dollar, brutto, netto, million, millimetr. Қосымша соңғы буынға үндесіп жалғанады (бұл ес­керт­пе емле ережесінде көрсе­тіл­ген). Қос әріптерді түсіру бары­сын­да мұқият болған дұрыс. Әйтпесе, сөз мағынасы әлсірейдı  немесе тіп­­тен (целла-села, эссе-есе) бұ­зы­ла­ды. Сон­дықтан сөз мағынасына әсер ет­кен жағдайда қос әріптерді сақ­­тап жазу қажет.
  1. Цитаталық принцип. Кез кел­ген тілдің әліпбиінде кейбір сөз­дерді таңбалау үшін әліпби құр­а­мы­на енбейтін қосалқы таңбалар бо­ла­ды. Жетілдірілген емледе де он­дай үш әріп (С, W, Х) бар. Олар ха­лық­аралық марка, бренд атауларын жа­зуға арналып қолданылады. Мы­салы, Саmel, Canon, Coca-Соla, Twitter, Word, Windows, WһаtsАpp, Yan­dex, Playtex, Kimex, Coneх, Xerox.
Ұлттық тілдің емле ере­же­ле­рін жасауда тілдің жалғама­лы (аглютинация), ықшамдалу, үнем­деу заңдылығы, тілдегі дауыс­тылар мен дауыссыздар үндестігінің және дауыссыздардың өзара үй­ле­сімділік заңы қатаң ескерілген. Кейбір ғалымдарымыз «осы та­рихи кезеңді пайдаланып, сөз­дерді тек фонетикалық прин­цип, яғни айтылуы бойынша жаз­а­лық, и мен у-ды таратып жазайық» деген пікір білдіруде. Ойлап қара­сақ, олар да тілдің сұлулығын, үн­дес­т­ігін, әуезділігін сақтауды көз­дейді. Әрине, түсінуге болады. Он­дай пікірді жақтаушылар да нағыз ға­лым, тіл жанашырлары екені дау­сыз. Десек те, ол үрдіспен жазар бол­сақ, мынадай келеңсіздіктер, бей­берекеттік, ретсіздік пайда бо­лары анық: - сөздегі әріптер саны тым кө­бейіп, сөздің тұрқы (формасы) бұ­зы­лады, көзшалымға тұрпайы көрі­не­ді (мысалы, қиюластыру (қыйыу­ластырыу), килігу (кійлігіу, т.б.); - әркім өз дыбыстауы, айтуы бойын­ша жазып, бір сөзді бірнеше нұс­қада таңбалау үрдісі (мысалы, бару-барыу, барұу) етек алады; - әлемдік тілдермен ықпалдасу (ин­теграциялану) нашарлайды; - өзге ұлттармен тілдік қатына­сым­ға (коммуникацияға) түсу мүм­кін­дігі болмайды, тілдік оқшаулану (изоляция) орын алады, тілді да­мытуда ілгерілеуге (прогреске) емес, кері кетуге (регреске) тап болуымыз мүм­кін. Бірнеше дыбысты бір әріппен ық­шамдап, яғни үнемдеу заң­­дылығына негіздеп жазу – әлем­нің барлық елдерінің тәжірибесінде бар үрдіс. Заманауи жаһандану (гло­ба­лизация), әлемдік ықпалдасу (ин­теграция), жылдам ақпарат пен жаңа технологияларды меңгеру мен енгізу, ғарышты игеру жағдайында ешқандай ел бұл үрдістен тыс қал­масы анық. Басқа елдермен «тере­зе­сі тең», бәсекеге қабілетті боламыз де­сек, қазақ ұлты да, тілі де өз ерек­шеліктерін сақтай отырып, әлемдік өр­кениет көшінен қалмауға ты­ры­суы керек. Жазудағы ретсіздікті, емле төңі­ре­гіндегі бітпес ай­тыс-тартысты, жел­дей ескен алып­қашпа дауларды, екіұш­ты пікірді бол­дырмаудың, ем­лені халықты сауатсыздыққа ұрын­дыр­май тез әрі қиындықсыз мең­гер­тудің жолы қандай? Айтуға оңай. Меніңше, ол үшін дыбыстардың жа­зылу, айтылу ерекшеліктерін «тай­ға таңба басқандай» нақты көр­сетіп беретін, сапалы әрі қолдануға оңай, тиімді жа­зылым (орфо­г­рафия­лық), айты­лым (орфоэпия­лық) сөздіктерін жасау қажет бо­ла­ды. Бұл екі сөздікті қатарлас («тел өскен егіз қозыдай») қолданған дұ­рыс. Тіпті, екі сөздікті бір кітап етіп шығаруға да болатын шығар. Сон­да оқырман кез келген сөз­дің жа­зылуы мен айтылуын са­лыс­тыра оты­рып, жылдам үйреніп алары хақ. Айтылым мен жазылым­да нақ­ты нормалар жүйесі қалыпта­са­д­ы, тіл сұлулығына, үндесімі мен үй­ле­­с­іміне еш нұсқан келмейді. Әри­­­не, мұны уақыт еншісіне қал­ды­райық. Сөздерді дұрыс айту, оны дұ­рыс жазу ережелерін сонау балабақ­ша­дан бастап үйрету керек. Мек­тепте, ЖОО-ларда жалпы емле­ге, тіл ұс­тар­туға, шешендікке үйре­ту­ге ар­нал­­ған сағаттар санын арт­тыр­ған да оңды болар еді. Белгілі бір әріп­тің таңбалануын үйреткен кезде оның түрлі айтылу нұсқа­ла­рын да бала жадына қондырған абзал. Соңғы ұсынылған әліпби, со­ның негізінде жасалған емле ере­желерінің жобасы кірме тер­мин­дердің құрамындағы өзге тілге тән әріптерді таңбалауда да оңды жо­ба болды. Жаңа емле ережелері бе­кітілетін болса, тіліміз үндестік заңына бағынып, айтылатын әрі жа­зылатын және үнемдеу мәселесі де оң шешілетін болады. Дегенмен кей­бір сөздерді таңбалауда мұқият болу қажеттігі туады. Өйткені әл­дебір сөздерді өзгертіп жазу ке­зінде сөздің бастапқы мағынасы күң­гірттенуі немесе жоғалуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде тілде омоним сөз­дердің көптеп пайда болуына әке­ліп соғады. Ендеше сөздерді дұрыс транслитерациялау мен транскрип­циялау бүгінде өте өзекті мәселе бо­лары сөзсіз. Қазақ тілі – үндестік заңын қатаң сақтауды қажет ететін тіл. Сондықтан сөздерді бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке буындар­мен жазуға тырысуымыз керек. Жаңа әліпбиді, соған сәйкес жаса­лын­ған емле ережелерін әлі де бү­кіл қоғам болып талқылап, кеңесе оты­рып жетілдіре, ширата түскен­нің еш артықтығы жоқ.

 width=

Нұрлан ШҮЛЕНБАЕВ,

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Терминология бөлімінің

ғылыми қызметкері