Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы» қаулысы жарық көр­ді. 1994 жылғы 7 наурызда Жоғарғы Кеңес сайлауы өтті. 1996 жылғы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойы­лымымен ашылды. 1999 жылғы 4 наурызда Алматы көшелерінің біріне Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі беріліп, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. 2001 жылғы 9 наурызда Қазақстан мен Ресей шекараны межелеуге кірісті. 2006 жылғы 9 наурызда Өскеменнің оңтүстік жағынан жаңа автовокзал салынды. 2009 жылғы 8 наурызда Бейжіңде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінде арабтың өрме жазуымен басылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 2010 жылғы 4 наурызда Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігі жанынан Корея мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды. 2015 жылғы 5 наурызда ҚР Ұлттық Банкі мен Ислам қаржы дамыту қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. 2016 жылғы 4 наурызда Атырауда ақын Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш қойылды. 2016 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық банкі айналымға 100 теңгелік «Магиялық символдар» сериясымен proof  кәдесый күміс монетасын шы­ғарды.