Жаңалықтар

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін болмыс­тың осындай сергектігі болғанмен алақұйын замандардың екпініне шыдас бере алмай, құндылықтары ауысып кетіп жататын кезеңде түпкі негізді еске салып, жадыны жаңғыртып отыру өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта бізде сондай зәру­лікті тез аңғарып, жедел іске асырылған бірнеше жоба жасалды. Соның арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мәні зор болғаны анық.

«Рухани жаңғыру» − 2004 жылы қа­был­данған «Мәдени мұра», 2013 жылы қабыл­дан­ған «Халық – тарих толқынында» бағ­­­­дар­ламаларының заңды жалғасындай кө­рінгенімен, ауқымы жағынан кең және жан-жақты болды. Елбасы айтқандай, «Мә­­дени мұра» арқылы әлемнің ең белді ар­хив­терінен төл тарихымызға қатысты құжат­тарды жүйелі түрде жинап, «Ха­­лық – тарих толқынында» бағдарла­ма­сы аясында Қазақстан аумағындағы та­ри­хи-мә­дени ескерткіштер мен нысандарды жаң­­ғырттық». Ал «Рухани жаңғыру» арқы­лы ұлт Көшбасшысы «мықты, әрі жауап­кер­ші­лі­гі жоғары біртұтас ұлт болу үшін бола­шақ­қа қалай қадам басатынымыз жә­не бұқа­ра­лық сананы қалай өзгер­те­ті­німіз туралы бұ­­рынғылардың бәрінен ау­қым­ды және ір­г­е­лі жұмыстарды бастау ке­рек» екенін көр­­сетті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­­дарламалық мақаласы үлкен екі бө­лім­нен құралған. Алғашқы бөлімінде «ХХІ ға­сыр­­дағы ұлттық сана туралы» жан-жақты мә­­­селе көтеріліп, барлық істі бастауға «Праг­­­­матизм» керектігі ескертіліп, «Ұлттық бі­­ре­гейлікті сақтау» мәселесінде ұлттық код, ұлт­­тық мәдениет сақталмаса, ешқан­дай жаң­­ғыру болмайтыны және алға басу үшін ұлт­тың дамуына кедергі болатын өт­кеннің кер­тартпа тұстарынан бас тарту ке­ректігі» ай­тылды. Одан әрі «табысты болу­дың ең ір­гелі, басты факторы білім екенін әркім те­рең түсінуі» үшін «Білімнің салтанат құ­руы» қажеттігі сөз болса, «Қа­зақ­станның ре­­волюциялық емес, эволю­ция­лық дамуы» − «тарихтың ащы сабағын түсініп қана қой­май, өзіміз күнде көріп жүр­ген қазіргі құ­бы­лыстардан ой түйіп, бо­лашақтың бета­лысына қарап, пайым жа­сай білуге» жет­кізетіні саралана келе, осы айтылғандардың бәріне жеткізетін «Сананың ашықтығы» екені дәлелденді. Ал екінші бөлімде «Таяу жылдардағы мін­­деттер» сараланып, онда «қазіргі за­ман­ғы технологиялық ортаның, коммуни­ка­ция­ның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми жә­не білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керектігі; «қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу» қажеттігі, сондай-ақ «білім беру саласында ауқымды өл­кетану жұмыстарын жүргізуді, эко­ло­гияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейтін» «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, «Қа­зақ­станның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау, «бүгінгі замандас­тары­мыз­дың жетістіктерінің тарихына назар ау­дару» үшін «Қазақ­стан­дағы 100 жаңа есім» жо­басы арқылы іске асыру мәселелері кеңі­нен сөз болды. Осынша ауқымды әрі өте маңызды ша­ра­ларды жоспарлы түрде өз дәрежесінде орын­дап шығу үшін еліміздің барлық сала­сындағы интеллектуалдық күштер жұ­мылдырылып, жақсы жетістікке жете білдік. «Рухани жаңғыру» тақырыбымен, әсіресе гуманитарлық салаларда үлкен жұмыс атқарылды. Шынын айту керек, әлемді алақандай гад­жетке сыйғызған мынау жаһандану дәуі­рін­де ұлттық бірегейлікті сақтап қалу жо­лында осындай терең ойластырылған бағ­дарламаның жасалып, жүзеге асуы – Қа­зақ­стан секілді дамушы жас мемлекет үшін айта қаларлық табыс. «Рухани жаңғыру» аясында жасалған нәр­селердің бәрі де уақытша емес, елдің өр­кендеуіне ғасырлап пайдасын тигізетін игі­ліктер болды. Сондықтан бүгінде елі­міздің кез келген азаматы «Рухани жаңғыру» мә­селесін жеткілікті дәрежеде түсінетін жағ­дайға жетті. Себебі ол бүкілхалықтық си­пат алған бағдарлама болды. Осы орайда Елбасының «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дү­ние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іс­петті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына са­налы түрде бейімделуге қабілетті болуы ке­рек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сон­дықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді кү­тіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқ­ты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақ­станға түбегейлі жаңғыру және жаңа идея­лар арқылы болашағын баянды ете түсудің тең­дессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» деуі бағдарламаның мән-маңызына ой жібе­ріп, парасатты пайымдаулар жасауға мүм­кіндік береді. Әрине, әрбір жоспардың, мемлекет к­е­ле­шегі үшін жасалатын түрлі бағдар­ла­ма­лар­дың әрекет ету шегі, мөлшерленген мез­гілі болады. Бірақ «Рухани жаңғыруды» он­дай ресурсы шектеулі шаралардың қа­тарына қоса алмаймыз. Сондықтан болар 2019 жылғы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде мемлекет дамуының аса маңызды он бағыты туралы айта келіп: «Рухани жаңғыру» құндылық­тары біздің басты рухани бағдарымыз бо­лып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отан­ға адал болу, ғылым-білімге деген ұм­ты­лыс – мұның барлығы біздің халқы­мыз­дың бойындағы асыл қасиеттер. Бұл қа­сиет­тер біздің халқымыздың бірлігін және ұлты­мыздың жасампаздығын нығайтады, бәсе­кеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын − жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет»  деген еді. Мемлекет басшысының бұл сөзі «Рухани жаң­ғыру» үдерісінің әлі талай-талай бе­лестерден асып, мемлекетіміздің кемелдене беруіне кепілдік боларын ұқтырса керек. Дамудың даңғыл жолына түскен мем­лекетте өсемін деген ұлт әрдайым өз негізін ұмытпай, халық ретінде әлемдік қоғам­дас­тыққа өз үнін естірте білсе, ол өзіндік біре­гейлігін танытқаны. Оған жеткізетін рух та­залығына ұмтылу қасиеті. Бізде оған «Ру­хани жаңғыру» идеясы әрдайым ұстын бо­ла алады.  width= Берекет КӘРІБАЕВ, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы: Тарихымыз ерекше маңызға ие

 width=Молдахмет ҚАНАЗ,

жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Денсаулық» журналының бас редакторы: Мақсаты айқын да өміршең жоба