Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті.

Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға белгісіз ер адам хабарласып, көрнекті жерге мина қойылғаны туралы хабарлаған. Содан кейін дереу эвакуациялау жұмысы жүргізілді. Тәж-Махал кешенін полиция қоршауға алды. Қауіпсіздік күштері жарылғыш затты іздеп жатыр.

Back to top button