Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды
ашық дереккөзі
Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда жедел жәрдем келгенге дейін оның өкпесінің жұмыс істеуіне жағдай жасады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Оқиға 2018 жылдың қазан айында болған. 41 жастағы Александр Жұмабаев әйелін жұмыстан қарсы алуға шығады. Павлодардағы Қатаев көшесінің бойындағы алты қабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адам жоғарыдан әлдебір заттың құлағанын көреді. "Терезенің торы екен. Басымды дереу көтеріп, тордың артынан бала ұшып келе жатқанын көрдім. Менен небары 2 метр биіктікте. Жүгіріп оны ұағып алуға тырыстым, бірақ үлгермедім. Қыз үйдің терезелері астындағы бұталарға құлады", - дейді Александр. Баланың қозғалып жатқанын көріп, ер адам қуанып кетеді. Жасанды тыныс алудан кейін қыз дем ала бастайды. Александр жедел жәрдем шақырады, қызды үйіне апарғысы келген анасына баланы бермейді. Өйткені ол қаршадай қыздың омыртқасы зақымдалған деп қорыққан. Дәрігерлерді келгенше баланы өз қолында көтеріп тұрған. Дәрігерлер баланың жарақаты жеңіл екенін айтып қуантады. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде болған кезде Александр Жұмабаев оған жиі барып, жағдайын біліп тұрған. Ер адам өзінің іс-әрекетінен ешқандай ерлік көрмейтінін түсіндірді және әркім оның орнында осылай істейтініне сенімді. Бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалған павлодарлық биыл Adam BOL AWARDS жүлдесінің 12 лауреаты қатарына еніп, 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. "Ел өзінің нағыз батырларын білсін. Біздің отандастарымыздың игі істері мен күнделікті қарапайым ерліктері адамдардың батыр боп тумайтынын, батырға айналатынын дәлелдейді", - деп атап өтті жоба дирекциясы.