Австралияда "жұмбақ рейстерге" билет сатыла бастады
Австралияда "жұмбақ рейстерге" билет сатыла бастады
Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді ынталандырудың амалы, деп жазады CNN.
Рейс жолаушылары қайда ұшатындарын білмейді. Бастапқы бағыттар – Мельбурн, Брисбен және Сидней болады. Рейстерді сыйымдылығы 120 жолаушы болатын Boeing 737 лайнерлері орындайды.
Эконом-класс билеті 737 австралиялық доллардан (575 доллар) сатылса, бизнес-класс билеттерінің құны – 1579 австралиялық доллар (1232 доллар). Бұл сомаға ұшу, сондай-ақ тамақтану және экскурсиялық бағдарлама кіреді. Барлық рейстер бір күндік болады: таңертең ұшу, кешке оралу.
Qantas әуе компаниясының өкілдері бағыты белгісіз "жұмбақ рейстерді" бұған дейін 1990 жылдары ұйымдастырылғанын атап өтті.