Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек айынан бастап Ішкі істер министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен (Адам құқықтарын және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» АҚ, «Отандастар» қоры) бірлесіп, мәртебесі реттелмеген, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау бойынша республикалық науқан өткізуде. ІІМ-нің ақпараты бойынша осы санаттағы 3,5 мыңнан аса адам, олардың көпшілігі Қарағанды (353), Түркістан (284), Ақмола (279), Жамбыл (276) облыстарынан және Алматы қаласында (299) анықталды», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысының атап өтуінше, 300-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылды және оларға тиісті құжаттар ресімделді. Шамамен 2 мың адамға қатысты азаматтығын растау рәсімі аяқталуда, 353 – азаматтығы жоқ адам ретінде танылды. Басқасына (819) қатысты тексеріс іс-шаралары жалғасуда. «Осы науқан аясында құжаттандыруда проблемалық мәселелерге тап болған 155 этникалық қазақ, оның ішінде 18 бала анықталды. Оларға белгіленген тәртіппен көмек көрсетілуде. Республикалық науқан осы жылдың мамырына дейін жалғасады», - деді Премьер-Министр.