Коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді
ашық дереккөзі
Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше науқастың ағзаларында сақталғанын тіркеді. Мамандардың сөзінше, иммунитеті бұзылған адамдар бұл індеттің алдында дәрменсіз. Иммунитеттің әлсіздігіне байланысты мұндай пациенттердің коронавирусты бірнеше рет жұқтыру қаупі бар және олар ұзақ уақыт бойы қалпына келе алмайды. Еске сала кетсек, бұдан бұрын коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталған болатын. Мамандардың айтуынша, COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Балалар арасында ең жиі таралған коронавирус салдарлары – ұйқысыздық, кеуде тұсының қысылуы, жиі шаршау, бұлшық ет пен буындардың ауруы.