Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл тұтқындардың болжалды саны, өйткені Әзірбайжан билігі күні бүгінге дейін дейін тұтқындардың нақты санын Ереванға да, Мәскеуге де айтпай келеді.

«Мен олардың қатары 100-ден асатынын білемін, бірақ қолымда нақты сан жоқ», – деп түсіндірді шенеунік. Ол Баку Арменияның әскери қызметкерлерін де, бейбіт тұрғындарын да тұтқынға алғанын айтты.

Синанян ақпан айының соңында Ресейге сапары кезінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен тұтқындардың тағдыры туралы мәселені талқылағанын атап өтті. Ол Мәскеу олардың Отанына оралуына ықпал етеді деген үмітте.

«Ресей тарапы бұл мәселені шешуге көмектесетініне сендірді және біз оларға сенеміз. Бұл мәселенің кешіктірілуі Армения мен Әзірбайжан арасындағы диалогтың басталуына кедергі келтіреді», — деді З.Синанян.

Back to top button