Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Сонымен қатар департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққан анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.