Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің барлық жарқын мемлекеттік қызметі зор құрметке лайық екендігі атап өтілген. "Сіз әлем тарихына елеулі әсер еткен үлкен өзгерістердің бастамашысы болдыңыз. Мерейтойыңызды қуатты күш-жігермен қарсы алғаныңыз, қоғамға қажетті гуманитарлық және ағарту істерімен белсене айналысып жүргеніңіз қуантады. Арамыздағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалаймын", - делінген құттықтауда. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке тіледі.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Посольство Казахстана в России (@kazembassy_ru)