Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті
ашық дереккөзі
Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген сұхбатында айтты.  "Егер шақырса, қуана барар едім", - деді актер. Ол сондай-ақ, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының "Алтын глобус" сыйлығының басшылығына "Борат 2" фильмін номинанттар тізімінен алып тастау туралы үндеу  жасағанына қарамастан, Қазақстанда картина жақсы қабылданғанын атап өтті. "Маған Қазақстанның өзінде тұратын қазақтар әзілді жақсы түсінетінін, Боратты ықыласпен қабылдағанын айтты", - деді Саша Барон Коэн. Еске сала кетейік, күні кеше ғана "Борат 2" фильмі ең үздік комедиялық фильм ретінде "Алтын глобус" сыйлығын жеңіп алды.