Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)
ашық дереккөзі
Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалды. Оқиғаны көрші үйдің тұрғындары видеоға түсіріп алған. Балаға қауіп төнгенін байқаған жұрт шулап, көмекке шақыра бастағанда жақын маңда болған Нгуен дереу әрекет етуге көшкен. Ол бірінші қабаттың кішігірім шатырына көтеріліп қыз баланы құтқарудың амалын ойластыра бастағанда сәби құлап кетеді. "Мен қарама-қарсы ғимаратта, клиентке керек заттарды жеткіземін деп көлігімде күтіп отырған едім, баланың жылаған дауысын естідім. Мен жай ғана ата-анасы ұрсып жатыр екен деп ойладым. Бүлдіршінді көргенде, бірден үйімдегі қызым есіме түсті және оны асығыс құтқаруға тырыстым", - дейді курьер жігіт.  width= Сәби жақын жерде орналасқан Ұлттық балалар ауруханасына жеткізіліп, оған көмек көрсетілген. Тұрғындар қаһарман жігітке мақтаулары мен алғысын жаудыруда. Курьер жігіт бұл жайттан кейін желідегі парақшасына жазылушылар саны көбейіп, ерекше танымалдыққа ие болған. Ол аздап қолын жарақаттап алғанына қарамастан бүлдіршінді құтқарып қалғанына дән риза.