Жаңалықтар

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир Жомарт Ертаев, астық олигархы Нұрлан Тілеубаев, Әлімжан Тілеубаев, Ақан Сұлтанов, Серік Атабай және Оксана Шестакова бар. Қылмыстық істің материалдары негізінде Нұрлан Тілеубаев Жомарт Ертаевтың көмегімен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттары арқылы несие алған. Сонымен қатар, Ертаев Тілеубаевты өзі ықпал ете алатын әріптестерімен таныстырған. Ал Тлеубаев болса, ақшаның бір бөлігін Ертаевқа аударуы керек болды. Сот Жомарт Ертаевты қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Нұрлан Тілеубаевты 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып 9 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болды. Әлімжан Тілеубаевқа ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот оны 5,5 жылға соттады. Пара бопсалады деп айыпталған Ақан Сұлтанов кінәлі деп танылды. Бірақ, ол шағымдану мерзімінің аяқталуына байланысты жазадан босатылды. Аса ірі көлемде алаяқтық және жалған құжаттар жасау, оларды сату бойынша айыпталған Оксана Шестакова мен Серік Атабайға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Серік Атабай - 5,5 жылға, ал Шестаков 5 жылға сотталды. Екеуі де жазаларын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады. Сот Нұрлан Тілеубаев, Әлімжан Тілеубава, Жомарт Ертаев, Серік Атабай, Оксана Шестаковадан «DSFK (ДСФК) Арнайы Қаржы Компаниясы» ЖШС-нің пайдасына 97 млрд теңгеден астам және мемлекетке 2 млрд теңгеден астам баж салығын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Ал 46 млрд теңгеден астам және 1 миллиард теңгеден астам мемлекеттік баж «Qazaq Banki» пайдасына болса, 24 млрд-тан астам теңге және 725 миллион теңге мемлекеттік баж салығы «Еуразиялық банк» АҚ пайдасына болмақ. Айыптыларға азаматтық істі аяқтауға екі ай уақыт берілді.