Жаңалықтар

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

ашық дереккөзі

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости

Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді: жаяу жүріс қан айналымын жақсартып, жүректің оң жақ бөлігіне қайтатын қан көлемін арттырады. Дәрігердің айтуынша, бұл омыртқа, жүрек және ми жұмысы үшін өте пайдалы. "Жүрек пен мидың қызметінде көп нәрсе омыртқаға байланысты. Бұл иннервация - жүрекке сигналдар жіберу және одан кері қабылдау. Бәрі жұлыннан, яғни орталық жүйке жүйесінен келеді", - деп түсіндіргі В.Хорошев "360" телеарнасына берген сұхбатында. Дәрігер тағы бір тиімді жаттығу ретінде "бөксемен жүруді" ұсынды: ол үшін еденге отырып, аяғыңызды түзету немесе тізені бүгу қажет, содан кейін әр бөксені алға-артқа қимылдатып, егіз қадам жасау керек. Сонымен қатар, Хорошевтің айтуынша инфарктің алдын алуда "алтын балық" жаттығуының септігі мол: шалқадан жатып, басты және өкшелерді қимылдатпай, алдымен иықты, содан кейін бөкселерді және дененің артқы жағындағы басқа да мүшелерді көтеру арқылы қозғалу. Ол бұл жаттығуды бес-жеті минут бойы жасауға кеңес берді. Кардиолог инфаркт алу қаупін азайту үшін дұрыс тамақтану қажет екенін атап өтті: мысалы, етті аптасына екі-үш рет қана тұтыну, көкөністер мен жемістерді, әсіресе алма, мандарин немесе апельсинді көбірек жеу.